100 ЖАҢА ЕСІМ: КАНДИДАТТАРДЫ ҮЕҰ МҮШЕЛЕРІ ҰСЫНА АЛАДЫ
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан 6 арнайы жобаның әрқайсысы елімізді табысқа жетелейді. Солардың бірі - «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы. Рухани жаңғыру – әрбір адамның ойының жаңаруы, өзгерісті қабылдау білуі десек, бүгінгі күні адамның ойының жаңаруы, өзгерісті білімімен, ізденісімен, еңбегімен табысқа жеткен 102 замандасымызды осы жоба арқылы таныдық.
Осы орайда, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы мен «Өркениет Қызылорда» қоғамдық қоры бірлесіп И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарғы колледжінің мәжіліс залында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін үкіметтік емес ұйымдармен кездесті.
Шара барасында «Рухани жаңғыру» орталығының маманы Гүлмира Әшірбекова «Жаңа есім» атауына лайықты азаматтарды қалай ұсынуға болатынындығы туралы сөз қозғады.
- Аталған жобаға өткен жылы Сыр өңірінен 84 азамат үміткер ретінде тіркеліп, 4 азамат жеңімпаз атанды. Бірақ тарихи тұлғаларға толы Сыр өңірінен 4 жеңімпаз табысты деп танылуы әрине аздық етеді. Жобаның биылғы екінші кезеңінде облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы жобаға аймақтың мақтануға лайықты 13 үміткерді тіркеді. Олардың арасында Илья Ильин, Элизабет Тұрсынбай, Ғалымжан Бәйімбет, Қамшыбек Қоңқабаев, Мағжан Ералиев, Сағатбек Қуанышбайұлы сында азаматтарымыз бар. Олардың әрқайсысы да бүгінгі күннің жеңімпаздары деп білемін, - деді Гүлмира Әшірбекова.
Айта кетейік, әр қоғамдық ұйым, бірлестік ерекше тарихымен кәсіби жетістіктері бар үміткерлерін ұсына алады. Сонымен бірге, үміткерлер өзін ұсынуға мүмкіндігі бар.