ДАРИЯ БОЙЫНДАҒЫ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАР
Алтын бесік деп білемін,
Тектілік тұнған түбегім.
Жыр-әннің елі, Тұранның төрі
Жасай бер, жайна, Сыр елім!
Иә, керіле аққан дария бойындағы Сыр елінің бас қаласы – Қызылордаға биыл 200 жыл. Кезіндегі «Қамысқала» бекінісі қос ғасырдың ішінде алып қала болып, Ақмешіт – алғашқы астана атанды. Одан кейін құт дарыған өңір «Алаштың анасына» айналды. Дәуір кеңістігінде екі ғасыр жасаған шырайлы шаһар бүгінде жасарған, жайнаған, гүлденген қала кейпінде.
Бұл жыл егемендіктен кейін еңсе тіктеген Елорданың да айтулы мерейтойы. Арқа төсіндегі айбары асқақтаған Астана ширек ғасыр болмаса да 20 жылдығын дүркіретіп атап өтуде. Ал осы дүбірлі думанның жалғасы Сыр бойында серпін алып, Тұранның төрінде той дүбірінің лебі ескен. Алаш жұртының назарын өзіне аударған бұл думан қызылордалықтардың мерейін асырып, мәртебесін асқақтатуда.
Қала келбетін бұрынғымен салыстыруға келмейді. Тіпті, осыдан 5-10 жыл бұрынғы қаланың көркі қазіргі ажарынан алыс. Қазақылық қаймағы бұзылмаған бұл мекеннің бүгініне тамсанбайтын, таңданбайтын адам жоқ шығар. Дәулетіне сәулеті келіскен зәулім ғимараттар, жіптіктей болған көшелер, ажарланған демалыс орындары, бәрі-бәрі өркені өрісті, дамуы келісті шаһардың шырайын ашып тұр. Оның үстіне, бас қалаға қарап байыпты бастамаға барған Сыр жұртшылығы ерке Есілдің оң-сол жағалауы секілді сұлу Сырдың сол жағалауына «Жаңа қала» тұрғызуда. «Елге ел қосылса құт» демей ме?! Бүгіннің өзінде құрылысы қызу жүріп жатқан «Жаңа қаланың» зәулім ғимараттары бой көрсете бастады. Айтулы шара аясында осындағы «Рухани жаңғыру орталығы» ғимараты салтанатты түрде ашылды. Тіптен, жыл соңына дейін сол жағалаудағы көпқабатты үйлерден сырбойылықтар сәлем жолдайтын болады.
Жалпы, соңғы жылдары облыс орталығында жаңадан бірнеше шағын аудандар бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болған. Биылғы жылы да осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мәселен, қазіргі таңда қалада 36 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы салынуда. Оның ішінде, жеке инвесторлардың өз қаржысы есебінен 22 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылып жатса, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 14 көпқабатты баспана бой көтеруде. Осының негізінде, аймақта атқарылған құрылыс жұмыстарының 40,5 пайызы Қызылорда қаласының үлесіне тиесілі. Осыдан-ақ қала көлемі ұлғайып, халық санының көбейіп жатқанын аңғаруға болады. Бұл алғашқы астананың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артқанын білдіреді.
Сондай-ақ, игілікті инвестиция мен өрісі кеңейген кәсіпкерліктің нәтижесінде қала жаңашылдыққа жол салып, дамудың дара үлгісін көрсетуде. Атап айтқанда, 2018 жылғы облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің 43,6 пайызы қала үлесінде. Ал аймақтағы нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,9 пайызы облыс орталығына тиесілі. Осы тұста, саланы дамытуға бағытталған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында шағын несиемен қаржыландырылған жобалар өткен жылға қарағанда 2,5 есеге артып отыр. Қайтарымсыз грант алу көрсеткіші де былтырғы жылдан 55,7 пайызға өскен. Демек, шежірелі, шырайлы шаһардың келбеті кәсіпкерлік көкжиегі негізінде де ажарланып, айшықтала түскен.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» дегенде қазіргі қаланың бет-бейнесі мен даму деңгейі елдің жетістігін тұтастай паш ете алатынын аңғартты. Соған қарап-ақ, күннен-күнге көркейген Сыр шаһары республикадағы облыс орталықтарынан оқ бойы озық екенін мақтанышпен айтамыз. Оның үстіне, гүлзарлармен көмкерілген қаланың кейпі, сан түрлі архитектуралық кескіндер алыстан көз тартып, құдды бір өзге әлемге енгендей күй кештіреді. Осының өзі әрбір жанға ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Қай кезеңде де қалаға қарап бой түзесек, бүгінгі қос ғасырдың куәсі болған Қызылорда – инвестициялық, туристік әлеуетімен, сыр тұнған, рухани құндылыққа толы мәдениетімен, көш ілгері дәулетімен, көрікті, сұлу сәулетімен өзге өңірлерге үлгі. Дүлділ ақынымен, дулығалы батырымен, әйгілі әншісімен, күмбірлеткен күйшісімен мақтанатын бұл шаһар бас қалаға қарап бой түзеп, дара дамуын жалғай бермек. Айтулы мерейтойда ат шаптырып, жыр аламанында жүйріктер жарысып, жұлдыздар әуелете ән шырқап, 200 жылдықтың дақпырты дүйім елге тарамақ. Осының аясында алуан-алуан шаралар ұйымдастырылып, қала халқы мен қонақтары қызыққа бөленетін болады. Жасай бер, жайнай бер, сүйікті қала – Қызылорда!

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ