Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Лифтідегі ақау 40 минутта жойылатын болады

Лифтідегі ақау 40 минутта жойылатын болады

iKomek орталығы мен ҚР Лифт компаниялары қауымдастығы ынтымақтастық туралы келісім жасады. Оған сәйкес, елорда тұрғын үйлеріндегі лифтілердің ақаулары 20-40 минуттың ішінде жойылатын болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «ҚР Лифт компаниялары қауымдастығы елордадағы 22 лифт ұйымында жеделсатылардың жұмыстары мен оларға қызмет көрсету бойынша талаптар мен стандарттарды белгіледі. Осылайша қаладағы барлық лифт қондырғыларының 80% қамтымақ. Келісім аясында лифтілердегі ақауларды жою уақыты хабар түскен сәттен бастап 20-40 минутты құрайды», - делінген хабарламада.
Аталып өтілгендей, қала тұрғындары iKomek орталығына немесе лифт ұйымдарының диспетчерлік қызметтеріне тікелей хабарласа алады. Ақпарат бойынша, 2018 жылдың басынан бері iKomek орталығына елордадағы лифт компанияларының қызметі бойынша 2216 хабар түскен.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 013 0