Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Zhas project» игілігі

«Zhas project» игілігі


«Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы жастарға таптырмас мүмкіндік туғызып отырған тың жоба деп ойлаймын. Биылғы жылы Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстанның 14-29 жас аралағындағы жастарына тұрақты мекенжайы бойынша үш және бес адамнан тұратын команда жинап, көшбасшысын таңдай отырып, әлеуметтік жоба ұсынуға мүмкіндік берілді. 

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, достарыма осы жобаға қатысуға ұсыныс білдірдім. Әріптесім Нұрзылда Асхат және группаласым Алтай Динара жобаға қызығушылық танытып, арманымызды жүзеге асыруға және өз күшімізді сынауға zhasproject.kz сайтына тіркеле отырып, жобаға қатыстық. Жобалық өтінімдердің іріктеу кезеңінен өтіп, грант иегері атандық (қуаныштымыз!). Себебі, берілетін грант қайтарымсыз. Грант сомасына алынған қажетті дүниелердің барлығы жастардың өзінде қалады және кейін өз кәсібін бастауға негіз бола алады. 

         Ендігі кезекте, Қызылорда облысының грант иегерлеріне арналған АРМАНДА! ҰСЫН! ІСКЕ АСЫР! атты төрт күндік (16-19 тамыз) тренингке қатыстық. Тренинг Қызылорда қаласы, "Абылай хан" колледжінің білім беру базасында өтті. төрт күнде біз не үйрендік? командалық тиімді жұмыс жасау, командадағы рөлімізді анықтау, өзара түсінісу, айқын сөйлеу, көзқарасын дәлелдеу, мықты және әлсіз жағымызды анықтау, командалық шешім қабылдау, түрлі жоспарды шешу үшін жанжалды сараптау, пайдалы болатын шешімге келу, БАҚ-пен қарым-қатынас, "Питчинг" жылдам таныстыру дағдысын пайдалану, жоба бойынша қаржылық есептілікті жасау, мақсатқа жету қадағалу және т.б. түрлі маңызды талдаулар мен деректерді үйрендік.   Осындай жан-жақты білімімен бөліскен ментор-ұстаз Ізден Анар Жарылқасынқызына ерекше алғысымызды білдіреміз!!! 
         Сонымен біздің жобамыз "Экоlogos" экотанымдық орталығы деп аталады. Жобаның мақсаты - өзіңнің тұрған үйіңнің, қоршаған ортаңның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыруды, табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның алдын алу мәселелерін қарастырады. Сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау мақсатында балабақшаларда экологиялық тәрбиені үйрету, арқылы оларды тазалыққа, мәдениеттілікке, табиғат сырын ашуға тырысады.


 С.Сыздыкова,
"Экоlogos" экотанымдық орталығы" жобасының
көшбасшысы
03 қыркүйек 2018 ж. 1 974 0