Бөлме өсімдігін күтуде бананның пайдасы
Банан құрамында өсімдіктер өсіп жетілуіне көмектесетін, көшетті жандандыратын және бөлме өсімдіктерінің тамырын бекітетін көптеген құнарлы зат бар.
Бананның жұмсағынан бөлме өсімдіктеріне арналған тыңайтқыш дайындауға болады. Ол үшін 1 бананды шанышқымен езіп, үстіне жарты стақан су құямыз. Егер өсімдікке жедел түрде көмек керек болса, оны тірілту үшін осы әдіс жақсы көмектеседі. Бұл тыңайтқышты тікелей өсімдіктің топырағына құясыз.
Алайда тыңайтқыш дайындаудың жоғарыда көрсетілген әдістен де тиімді жолы бар. Ол бананның қабығынан дайындалады. Бананның қабығы арзанға түседі әрі қолжетімді. Ыдысқа банан қабығын салып, үстіне су құйып, 1 тәулік бойы ұстау керек. Банан қабығынан дайындалған тыңайтқыштың бір бөлігін одан 5 есе көп сумен араластырып, бөлме өсімдіктерін уақытылы суарыңыз.