Алматыда 7 айда млн шаршы метр тұрғын үй салынған
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мегаполис әкімі Елбасының бастамасы аясындағы «7-20-25» бағдарламасы бойынша Алматыда 5,1 млрд теңгеге тұрғын үй несиесінің 36%-ы берілгенін атап өтті. Оның үстіне елімізде ұсынылған 1,5 мың пәтердің 40% да осында.

«Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» бойынша таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады. Қазірдің өзінде 4 мың орынды 7 нысанның құрылысы басталды. Олардың төртеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі. Өз кезегінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қалада тұрғын үй салу деңгейін 7,5%-ға дейін көтерді. Бұл осы жылдың 7 айы ішінде 1 млн шаршы метрден астам үй салынғанын көрсетеді», - деді Бауыржан Байбек.Айта кетерлігі, «Алматы жастары» қалалық тұрғын үйбағдарламасы бойынша соңғы екі жылда Алматы әкімдігі 3 млрд теңге бөлді.Егер өткен жылы 100-ден астам жас отбасылар жеңілдетілген жағдайда пәтер алса,биылғы жылы 200 пәтер бөлінетін болады.
Пікір 2