«ТӘЛКІ» ТАҒДЫРЛАР
– Аяулым, дүкеннен айтқаныңның бәрін алдым, - деп кіріп келе жатқан Арманды жары алдынан шығып күтіп алды. Қолындағы екі дорбадағы азық-түлікті алып жатып Еркеназ:
– Отағасы, ертерек келгенің жақсы болды. Бүгін бір ерекше ас әзірлеп берейін, - деп еркеледі. Мейірлене күліп, қолындағы азық-түлікті асханаға апарып келіп, жымиып тұрған Арманның сырт киімін алып, үй киімін әзірлеп берді. Жарының жағдайын жасап жүріп, қонақ бөлмедегі көз қуанышы баласын да еркелетіп қояды. Үй киімін киген отағасы төргі бөлмеде ойыншықтармен ойнап отырған 2 жасар ұлына асыға жетті. Көтеріп алып, құмарлана құшағына қысты. Ауруханада қызмет атқаратын Арманның жұмыс уақыты аяқталар тұста тезірек жиналып, үйіне асығатын себебі де осы еді. Алдынан күлімсіреп еркелейтін Еркеназы шығады, күні бойы шаршағанын ұмыттыратын ұлы да бар. Бұл жас отбасы Байболатовтардың күнделікті өміріндегі қайталанбас қызықтары.
Арман – ағайынды алты баланың төртіншісі. Оның екі ағасы шаңырақ көтеріп, үйлі-баранды болған. Апасы да өз теңін тауып, көрші ауылға ұзатылған. Өзінен кейінгі ұл да отау тігіп, отбасын құрған. Кенже ұл келін түсіргенше әке-шешесінің қолында отырып, барлық жағдайын жасап келеді. Ал Арманның үйленгеніне үш жыл толды.
Әкенің темірдей тәртібі мен ананың аялы алақанын сезіп өскен Арман жоғары сыныпта оқып жүріп-ақ болашағын жоспарлап, армандайтын. Ол алдымен мектепті үздік бітіріп, өз білімімен жоғарғы оқу орнына түсуді қалады. Содан соң білікті маман ретінде жұмысқа тұрып, өз еңбегінің жемісін көргісі келді. Шаңырақ көтеріп, бала сүйіп, ата-анасына қызығын көрсету де оның басты мұраты болатын. Үйленгеннен кейін үй алып, көлік міну де жоспарда бар.
Болашағын бағамдап, соған қарай ұмтылған жас бала мектепті үздік бітірісімен Алматыдағы айтулы университетте жоғары білім алды. Өз мамандығын игеріп, жоғары оқу орнын «Қызыл дипломмен» тәмамдайды. Арман қуған кешегі жас бала жас маман атанып, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасымен туған жеріне оралып, еңбек жолын бастаған. Аталмыш бағдарлама аясында баспаналы болды. Сүйгенін кездестіріп, отау құрды. Бір жылдан соң ол әке атанды. Сүйікті жарымен кеңесе отырып несиеге көлік те алған. Арманның армандары кезең-кезеңімен орындалып, қызықты күндерін бастан кешіріп жатты. Осы күніне тәубе етіп, ерекше бір қуанышта жүрді.
Кешкі аста отырып отағасы жарына еңбекақысын алғанын айтты. Екеуі ас үстінде облыс орталығынан өздеріне жылы киім алуға келісті. Сөйтіп, келер күн сенбі, таң атса көлікпен қалаға шығатын болып келісті.
***
Сенбінің таңы бозара атты. Күн суыта бастаған кез. Қалада жаз мезгіліндегідей топырлап жүрген жандар жоқ. Бәрі асығыс. Төмен температурада жұртшылық қалың киініп, өз тірліктерімен шапқылап жүр.
Еріккеннің ермегі емес, құлқынның қамымен, бала-шаға үшін ауылға қатынайтын таксишілер асыққан жандардың жолдарын тосып, көліктеріне біреуі мінер деп үміттенуде. Қастарынан өтіп кетсе, келесілерге бет бұрады. Кезекте тұрған көлік иелерінің бірі жас, бірі орта жастағы жүргізушілер. Бір машинаға төрт жолаушы келсе, тізгінге отырып, ауылға қарай асығады.
Таңғы сағат 8-ден өте кезекке тұрған Аманның бір жолаушының жолын тосқанына бір сағат болды. Көлігіне 9-ға таман екі жігіт пен бір жас келіншек келіп отырған. Төртінші жолаушының төбесі көрінер емес. Өзі бұл «қызметке» кеше ғана келген. Осыдан екі ай бұрын мемлекеттік қызметтен қысқарып қалып, Аман амалсыздан астындағы көлігіне сеніп, ақша табуға көшті. Отбасын асырау керек, қызметте жүріп алған несиесі бар, көліктің несиесі тағы бар. Осындай проблемалармен жүрген жігіт қоғамдық көліктен ауыр сөмкемен түскен жанға телміре қарады. Ол тура осы бағытқа қарай жүріп, қасына келді. Сәлемдесіп, ауылға бірінші жүретін көлікті сұрады. Екі сағат бойы асыға күткен жолаушыны такси жүргізушісі қуана көлігіне мінгізді. Ауыр сөмкені өзі көтеріп, багажға салды. Кезекте тұрған жігітке жымия қарады да, жылдамдата жеңіл автокөлігін жүргізді. Осылайша, жас келіншек көлік жүргізушісімен қатар отырды, үш жігіт артқы орындықта. Ендігі мақсат – ауылға тез жетіп, қалаға қарай қайта келу. Ол үшін көліктің «жанын» алып, жоғары жылдамдықпен жүру қажет. Бұрындары көлікті асықпай жүргізетін Аман бұған да көндіккен, үйренген. Қаладан шыққанша жылдамдықты асырмайды. Ал шекарадан асса «аттың» басын бос қояды.
Таксидегі жолаушылардың да өз тағдыры бар. Жас келіншек қалаға ерте келіп, ауырып жатқан баласына қажетті дәріні алып барады. Екі жігіт түнімен достарымен думандатып, таңертең ұйқылы-ояу ауылға бет алған. Ал соңғы келген жас жігіт – студент. Пойыздан түскен беті. Ауылға келмегеніне 6 ай болған. Туған қалаға жетіп, енді туған ауылға сағынып, алып-ұшып барады. Таксиге мініп, үйіне жеткенше тағат таппай отыр. Ауылдағы қызықтарын еске алып, өзінше жымиып қояды.
Қаладан шығаберісте бұлардың қасынан аңыратып бір көлік өтті. Ұзаңқырап барды да жол бойындағы жанармай бекетіне бұрылды. Оның көлігі Аманның көлігіндей. Бір марка, бірақ түстері әртүрлі. Бұған аса мән бермеген такси жүргізушісі қаладан шыққан соң көліктегі әуен дауысын ұлғайтты да, әдеттегідей жылдамдықты арттыра бастады. Қасындағы жас келіншек ұялы телефонын шығарып, соған үңілді. Арттағы екі жігіт қалғып, төртінші жолаушыны күткендегі ұйқысын көлік жүріп келе жатқанда жалғастырды. Студент болса жылдамдық артқан сайын жүрексіне бастады. Дегенмен, ауыл жақындаған сайын ба оған мән бере қоймады...
***
Күн нұрын шашып, суықтың ызғары қайта бастағанда кеше келіскендей жас отбасы көлікпен қалаға қарай бет алды. Айлығын алып, жары мен ұлын қалың киіммен дер кезінде қамтамасыз ететініне Арман ырза. Жолдасының қамқорығына Еркеназ да риза. Бақытты жас отбасы осындай көңілде жол үстінде әңгімелесіп келеді. Арман көлікті асықпай жүргізеді. Қауіпсіздік үшін шектеулі жылдамдықтан асырмайды. Жүйткіген, қарсы келе жатқан көліктерді бағамдап отырады.
Ауылдағы қызықты сәттерді еске алып келе жатқан студенттің ойы кенеттен бұзылды. Ол енді шынымен қорқа бастады. Себебі, такси жүргізушісі алдындағы көліктерге жоғары жылдамдықпен тақап келеді де қарсы бағытқа бірден шығып, олардан озады. Осылай 7-8 көлікті артта қалдырған. Жылдамдық жоғарыламаса, азаяр түрі жоқ.
Бір сәтте, жанармай бекетіне бұрылған көлік те бұлардың артынан ілесе түсті. Тізгіндегі жас бала да жоғары жылдамдықпен жүріп келеді. Оның қасында екі досы бар. Бұлар қаланың жігіттері. Кеше ғана кәмелеттік жасқа толған жандар. Көлікті тізгіндеп келе жатқан жас бала машина жүргізуге әлі машықтанбаған. Автокөлік – әкесінің сыйы. Жүргізу куәлігі де сыйға келген десе болады. Арнайы оқып алмаған... Ауылға қасындағы досының өтінішімен бара жатыр.
Көліктер жолда жүйткіп келеді. Арада екеуара жарыс басталып та кеткен. Такси жүргізушісі «тез жетем» деп жүйткиді. Ал жас бала өз көлігінің өзгенікінен жаңа, жылдам жүретінін дәлелдегісі келеді. Желіккен жасқа әкесі «жылдамдықты асырма» деп ескерткен. Мұндай кезде әке сөзі есте тұра ма?! Көлік жүргізуде тәжірибесі болмаса да «Шумахер» секілді бәрінен озбақ ниетте такси көлігінің ізінен қалмауда. Басып озбақшы болғанда қарсы бағыттан көлік келіп қала береді. Жас баланы байқап келе жатқан Аман да оны оздырғысы келмейді. Тегіс жолда тізгінді жібереді дерсің!
Таксидің алдындағы жас келіншек қалта құрылғысына кіріп кеткен. Екі жігіт бас түйістіріп ұйықтап отыр. Ал жылдамдықтың шектен асқанын көріп отырған студент екі ойға қалды. Такси жүргізушісіне жылдамдықты азайтуды өтінсе, ерегісіп одан сайын арттыра ма деп ойлайды. Олай айтпаса, жылдамдық үдеп барады. Ұяңдығы басым бала «не де болса, үндемей-ақ қояйын» деп шешті. Алайда, қалаға жеткенін ата-анасына айтып, қуантып қойған студенттің көзі шарасынан шығып кетердей жағдайда отыр. Арасында екі көзін тас жұмып алады. Оған мән беріп келе жатқан жүргізуші жоқ. Оның көзі жолда және айнада. Айнамен артын бақылап келеді. Арттағы жас бала болса қалай болсын ауылға бірінші баруға бекініп алған. Сол үшін жиі-жиі қарсы бағытқа шығып қояды. Оның қасындағылар да «қой» деп айтар емес.
Қала мен ауылдың аралығында бұрылыстар көп. Тек ауылға жақындағанда 5-6 шақырымды қамтитын тура жол бар. Сол жерге келгенде екі көлік қатарласа жарысты. Алыстан қарсы бағытта көлік көрінбейді. Екеуі жүйткіді. Жүргізушілер бір-біріне қарап, тістеніп қояды. «Үлкен кісі ғой» немесе «әйтеуір жетермін» деп анау қояр емес, «Баламен бала боламын ба» деп мынау тоқтар емес. Таксиде жүріп мұндайлардың талайын басып озған Аман өз бағытындағы жолда «тежегішті» ұмытқан. Бірінші рет жарысып келе жатқан жас бала да қарсы бағыттағы жолда бірінші болуға талпынып, рөлге жабысып алған.
Жоғары жылдамдықпен жүрген соң 5-6 шақырым деген бірнеше секундты ғана қамтиды. Мұндайда тура жол бітіп, бұрылыс келері анық. Сол бұрылысқа жақындағанда қарама-қарсы бағыттан ойда-жоқта жас отбасы мінген көлік шыға келді. Арман жүйткіген қос көлікті байқап тежегішті ерте-ақ басты. Қарсы бағыттағы жүргізушілер де тежегішке сенген. Дегенмен, олардың жылдамдығы бірден бәсеңдемейтіні белгілі еді. Алдынан көлік шыққанда жас бала сасқалаптап, рөлді кезекпен екі жаққа бұра берді. Оңға бір бұрып, таксиді жолдан шығарды, солға бір бұрып, қарсы бағыттағы көлікке барып бетпе-бет соқты. Такси көлігі «Аға-а-а-а» деген студенттің жан дауысы шыққан күйі жолдан шығып, аударылып, 4-5 айналды да дөңгелектері жоғары қарап қалды. Оның ішіндегі телефонға телмірген жас келіншек жан тапсырды, екі жігіт те ұйықтаған күйі мәңгілікке аттанды. Аман да аман қалмады. Алыстан «ат терлетіп» келе жатқан студент қана тірі. Бірақ ол ауыр дене жарақаттарын алған, әрең демелады. Ал бетпе-бет соғысқан көліктердің ішінен Арманның ғана өмірі сақталды. Көрер күні болды ма, тағдырдың жазғаны ма әйтеуір, бір тылсымның арқасында қайғылы апаттан сол ғана тыныстап жатты. Үш көлік үш жақта. Сегіз адам жан тәсілім етті, бір сәбидің ғұмыры жанбай жатып, сөнді. Екі жігіт қана естерін жия алмай, қозғалыссыз күйде...
***
Бір сағаттың көлемінде қанды бұрылыс арнайы қызметкерлер мен көліктерге толды. Өтіп бара жатқан жолаушылардың кейбірі тоқтап, көмектерін көрсетуде. Кейбірі кімнің дұрыс, кімнің бұрыс көлік жүргізгенін топшылаумен әлек. Жаны қалған екі жігітті «Жедел-жәрдем» көлігі алып кетті. Арнайы құрылғымен тыныстап жатқан жандар естерін сәл жинаса, өзектерін өкініш кернеді. Күнделікті күйбің тірлікте жетіспеушілік салдарынан өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарамаған Аманның асыққанына студент те басқа жолаушылар да кінәлі емес болар. Кеудесін сағыныш кернеген студент Аманға сол мезетте «жәй жүріңізші деп айтсам мүмкін бұлай болмас еді» деп ойлады. Ал алдына мақсат қойып, соған бар ынтасымен жетіп, енді қызығын көріп келе жатқан Арманның қарсы алдынан шығып, армандарына тосқауыл қоюға желіккен жас баланың қандай қақысы бар ед(і)?! Бар өмірі үмітке құралып, арманмен астасқан Арман тағдырын тәлкек қылып, жары мен ұлын қыршыннан қиған жанға ызалы. Өзінің күшімен осындай бақытты кезге жеткенде оны көп көргендер кесе-көлденең алдынан қарсы шықты. Қарсы шыққан жол қадірін білмеген жас бала. Ол өз өміріне балта шапты, достарының да өмірін қиды. Ауру баланы анасынан айырды, қос жігіт те құрбан болды. Аманның да артында әйелі жесір, балалары жетім қалды. Өрекпе жас пен қу тірлікті күйттеген жанның жарысы талай жанның тағдырын тас-талқан етті...

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
Пікір 1