Назарбаев: Аралдың балығы шетелге экспортталуда
Мемлекет басшысының мәліметінше, Арал теңізінің солтүстік бөлігінде судың тұздылығы төмендеп келеді
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Қарсы алу рәсімі аяқталған соң мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтті.
"Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" ауқымды жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Сырдария өзенінің төменгі саласындағы экологиялық жағдай елеулі түрде жақсарды. Солтүстік Арал қалпына келіп, онда судың деңгейі 2010 жылдан бері тұрақты түрде 42 метрлік көрсеткішті ұстап тұр. Судың тұздылығы төмендеп, теңіздің қоректік базасы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалпына келуде. Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі микроклимат пен әлеуметтік жағдай жақсарды. Балық өңдейтін бірқатар кәсіпорын ашылып, олардың өнімі шетелге экспортталуда", – деді мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев қордың қазіргі институттарының негізінде Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдастырушылық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру қажет екенін атап өтті.
"Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын басқару жүйесін автоматтандырудың, бөлудің, есепке алудың, мониторинг жасаудың, соның ішінде олардың сапасын жақсартудың уақыты келді. Қазіргі жағдайда Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру мәселесіне қайта оралудың маңызы зор. Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетін елдеріміздің біріне тұрақты орналастыру мәселесін қарастыру керек", – деді Қазақстан президенті.

sputniknews.kz