Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Енеммен қалай татуласуға болады?

Енеммен қалай татуласуға болады?


Қазіргі таңдағы қыз келіншектердің арасындағы маңызды жағдайлардың бірі болғандықтан, арадағы татулықты сақтау үшін келін қай жағдайда да болмасын өз енесімен тату болуы керек.
Психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер:
  • Енеңіз сіздің жасаған дүниеңізбен келіспесе, өз пікіріңізді де айтып көріңіз. Мүмкін ол кісі райынан қайтып ойланар.
  • Енеңізді қатты ренжіткен болсаңыз, сізге көпке дейін ренжіп жүрсе, сіз ол кісінің айтқан нәрселеріне құлақ асып тыңдаңыз. Сүйікті асын дайындап қонаққа шақырыңыз. Ол кісінің ұнататын сыйлығында жасаңыз. Шын жүректен жасалынған дүние қай жүректіде жібітпей қоймайды.
  • Күйеуіңізбен сіздің орталарыңызға түсіп жатса, ашулықпен емес сабырмен тыңдаңыз. Ол кісінің айтқан әр сөзінің біреуі сізге керек ақыл болуы мүмкін.
  • Енесімен тұрғысы келмейтін келіншектер өте көп, қайта сіз ол кісімен бірге тұрыңыз ол кісіден қаншама тәжірбие жинайсыз. Отбасындағы қиындықтарды сол кісімен бірлесе шешесіздер.
  • Өзіңіздің де ұлыңыз болады ол да ер жетіп, сізге келін әкеледі сізде келін қолыңызда бірге тұрғанын қалайсыз. Сондықтан енесінің тәрбиесін көрген, ақыл парасатын тыңдаған келін туыстарына да жақындарына да сүйкімді келін болары анық.
  • Ол кісінің істеген әрекеті дұрыс болмаса да, кешіріммен қарап кішіпейіл болыңыз.
  • Күйеуіңізге енеңізді жамандамаңыз, сіз сонда күйеуіңізге айтқаннан жақсы боламын деп ойлайсыз ба? Қайта күйеуіңізге жек көрінішті боласыз. Сізден көңілі де қалады.
  • Енеңізбен әрдайым тату болу үшін, сіз ол кісіге барынша кішіпейіл жарқын жүзді болыңыз. Бір ауыз жылы сөз жүректерді жібітуші жақсылыққа басатушы.
  • Енесін сыйламаған келін еш жерге де сыймайды. Енесін сыйлаған келін отбасының шырағына айналады.
 
10 маусым 2018 ж. 1 209 0