Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді мектеп директорлары төрт жыл сайын сайланып отырады

Енді мектеп директорлары төрт жыл сайын сайланып отырады

Мектеп директорларын тағайындау ережесі өзгерді.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, мектеп директорларының кәсіби деңгейін көтеру мәселесіне баса назар аударылады. Осыған байланысты директорларды тағайындау қағидалары өзгерді.
“Жаңа қағидаларға сәйкес үміткер төрт этаптан тұратын конкурстан өтеді. Біріншіден, мектептің қамқоршылық кеңесінен өту керек. Одан кейін заңнама тесті, облыстық білім басқармасының келісуі, аудандық, қалалық білім бөлімдеріндегі сұхбат бар. Мектеп директоры тек төрт жылға тағайындалады. Әрі қарай жұмыс істеймін десе, конкурстан қайта өту мүмкіндігі бар”, – деді Ерлан Сағадиев Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде.
Айта кетейік, мектептің қамқоршылық кеңесіне әкімдік өкілдері, мектеп басшылығы, демеушілер, мектеп түлектері, ата-аналар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта қамқоршылық кеңестердің белсенділігін көтеру көзделген. Сонда қоғам, ата-аналар тарапынан қойылатын талаптар жергілікті деңгейде шешілетін болады.
baribar.kz
19 тамыз 2018 ж. 949 0