Әлеуметтік саладағы айқын нәтиже
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов әлеуметтік саланың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізді.
Ең алдымен білім саласының бағыты мен алдағы міндеттерін саралаған облыс әкімінің орынбасары орта білім саласындағы жаңартылған білім мазмұнына көшу барысына, ҰБТ нәтижесіне тоқталды. Мектеп бітірушілер сынағының биылғы көрсеткіштері былтырғыға қарағанда едәуір жақсарған. Ол орташа балдан да, 100 балдан жоғары жинаған түлектердің көрсеткішінен де, мемлекеттік грант санынан да анық байқалады. Қазір Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған, шекті деңгейден өтпеген түлектердің білім алуына қатысты шаралар атқарылуда.
Биыл 2732 түлек мемлекеттік грант иеленсе, 751 түлек «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен, ал облыс әкімінің грантымен 205 түлек білім алатын болады. Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының грантын 70 адам жеңіп алды.
Қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарындағы айтулы мерекелердің бірі – Астана қаласының 20 жылдығына орай 250-ден астам шара өткізілді. «Рухани жаңғыру» орталығы «Қорқыт ата кітабы және Сыр бойында туған оғыз-қыпшақ эпостары» және «Сыр бойының мәдени құндылықтары: ел аңыздары мен салт-дәстүр үлгілері» атты тарихи-танымдық жинақтарды баспаға әзірлеуде. Еліміздің бірде бір облысында «Рухани жаңғыру» орталығы ашылмағанын ескерсек, жаңа бастамалардың ізашары болған мекеменің бұдан өзге де жоспарлары жеткілікті.
Биыл облыстық мемлекеттік архив ғимараты типтік жобамен салынды. Шиелі ауданындағы Еңбекші, Жалағаш ауданындағы Мәдениет ауылдық клубтарының құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Жыл басынан бері 1 халықаралық, 4 республикалық, 17 облыстық конкурс-фестиваль ұйымдастырылды.
http://www.syrboyi.kz/