Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақ баласы Дубайда өткен ойша есептеу жарысында топ жарды

Қазақ баласы Дубайда өткен ойша есептеу жарысында топ жарды

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында 7 елдің жасөспірімдері арасында ментальды арифметикадан сынға түскен қазақстандық Әлиасқар Куватов топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тамыз айының басында Дубайда өткен халықаралық жарысқа 7 елден келген 15 жасқа дейінгі 150-ден астам балалар қатысқан болатын. Жасөспірімдер жарты сағатта 250 түрлі есепті ойша әрі жылдам шығаруы тиіс еді. Бұл міндетті қазақстандық Әлиасқар Куватов мінсіз орындап, әр елден келген оқытушылардың өзін тамсандырды. Нәтижесінде павлодарлық өрен гран-при иеленді.


Айта кету керек, Әлиасқар бұған дейін Мысырда өткен чемпионатта да гран-при алған. Ал Түркияда бірінші орын иегері атанған еді.
16 тамыз 2018 ж. 1 004 0