Қазақстандық математиктер үздіктердің қатарынан көрінді
Грекияның Родос қаласында жасөспірімдер арасында математикадан өткен халықаралық Балқан олимпиадасында Қазақстан құрамасы үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 22 ел бақ сынаған халықаралық олимпиадада математикадан Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленген.
Үздіктердің қатарында Румыния мен Сербия құрамалары бар.
Жасөспірімдер арасында өткен халықаралық Балқан олимпиадасында қазақстандық математиктер 2 алтын, 3 күміс, 1 қола иеленген.
Жалпы халықаралық олимпиадаға 132 математик қатысқан.
Айта кетейік, 2019 жылы жасөспірімдер арасында халықаралық Балқан олимпиадасы Кипрде өтеді.
Фото: автордан
Дәурен ЕРБОЛАТ