КОНТРАБАНДАЛЫҚ ЖҮК ТӘРКІЛЕНДІ
«Қуаңдария» шекара комендатурасы мен «Қосшың» заставасы бірлесе ұйымдастырған жедел топ шекарада ауыстырылуға дайындалған көліктердегі контрабандалық жүкті тәркілеп, осы істі жүзеге асыруды көздеген екі азаматты құрықтады. Олар сот шешімін күтуде. Процесуалдық шешім қабылдау мақсатында контрабандалық жүктер Қызылорда облыстық мемлекеттік кіріс департаментіне жолданды.
Айта кетейік, 2019 әскери бөлімі мемлекет мүддесі жолында табанды еңбегімен танылып келеді. Аталған әскери бөлім – Қызылорда шекара отрядының «Қосшың» заставасы бекітілген 47,9 км шекара аумағын лайықты күзетіп келе жатқан заставалардың бірі.
Қазіргі уақытта шекара күзету құралдарымен және көліктермен қамтамасыз етілген «Қуаңдария» комендатурасы және оған қарасты «Қосшың» заставасы бірлесе жұмыс істеуде.

https://syr-media.kz/