Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық ғалымдар жаңа картоп сортын шығарды

Отандық ғалымдар жаңа картоп сортын шығарды

Қазақстанда жоғары өнімділігімен және бірқатар ауруға төзімділігімен ерекшеленетін «Айтхожин» атты жаңа картоп сорты шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа сорт Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен М.Ә. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты ғалымдарының бірлескен еңбегінің нәтижесі.



Жаңа сортты әзірлеу жұмыстары 267 «Білім және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы және «Селекция, тұқым шаруашылығы, биотехнология және инновациялық агротехнологиялар негізінде Қазақстанда картоп, көкөніс және бақша шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету» 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында жүргізілді.

«Бұл сорт – бірнеше жыл бойы зерттеу жүргізіп, тиімді шешімдерді іздеген ғалымдар ұжымының бірлескен еңбегінің нәтижесі. Селекциялық зерттеулер мен молекулалық-генетикалық жұмыстар бірін-бірі толықтырып, ғылыми нәтижені нақты селекциялық жетістікке жеткізуге мүмкіндік берді», дейді зерттеуші Меруерт Қошмағамбетова.
Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген, жоғары өнімді, ауруларға төзімді және шаруашылыққа құнды қасиеттері бар жаңа картоп сортын шығару. Осы бағытта дәстүрлі селекция әдістері заманауи биотехнологиялық және молекулалық-генетикалық әдістермен ұштастырылды.

Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі


07 қыркүйек 2026 ж. 56 0