Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ерен еңбекпен жеткен жетістік

Ерен еңбекпен жеткен жетістік


Н.Бе­кежанов атындағы қа­зақ музыкалық драма теат­­рын­да «16 желтоқсан – Тә­уел­сіздік күніне» арналған салтанатты жиын облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуы­мен өтті. Мемлекеттік Ту енгі­зіліп, Мемлекеттік Әнұран орын­далған мерекелік шарада аймақ басшысы сырбойылықтарды мерекемен құттықтап, облыс жетістігін тізбектеді.
Құттықтаудан кейін өңір басшысы еліміздің экономи­калық, әлеуметтік және рухани дамуына айрықша үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Оның ішін­­де, өңірдің өркендеуіне ерекше еңбек етіп жүрген облыстық мәслихат депутаты, «Углесбыт» ЖШС директоры, сырдариялық меценат Расул Әбутәліпұлы Есенов Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Аудан көлеміндегі түйінді мәселелерді облысқа жеткізіп, оның оңтайлы шешілуіне ықпал етіп жүрген халық қалаулысы елеулі еңбектің арқасында мемлекеттік марапатқа ие болды. Халық жанашыры жүйелі жұмыс пен тындырымды тірліктің нәтижесінде ел алғысына бөленіп келеді. Жанашырлықпен жасаған әрбір ісінің халық игілігін көруде. Сондықтан сырдариялық меценат мұндай марапатқа әбден лайық.

Е.БЕРКІНБАЕВ
22 желтоқсан 2017 ж. 2 148 0