Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстандықтар 5 мың теңгеге ұшақпен ұша алады

Қазақстандықтар 5 мың теңгеге ұшақпен ұша алады

Қазақстандықтар әуе билеттерін 5 мың теңгеге сатып ала алады. FlyArystan әуе компаниясы Алматыдан Таразға қатынайтын жолаушыларға рейс үшін 4999 теңгелік бағаны ұсынды. Әзірге әуе тасымалдаушысы екі бағыт бойынша ғана ұшады – Алматы-Орал және Алматы-Тараз, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

FlyArystan әуе компаниясындағылар бүгін билеттердің сатыла бастайтынын мәлімдеді. Осылайша, Таразға бағыт алған алғашқы рейс 1 мамырда ұшып шығады және бір бағытқа арналған билеттің құны жинақты қосқанда 4999 теңге болады. Ұшу уақыты – 60 минут. 

Ал Алматыдан Оралға ұшу бағасы – бір бағыт үшін 12 999 теңге. Алғашқы рейс биылғы жылдың 2 мамырында ұшып шығады. Ұшу уақыты – 2 сағат.

Қазақстандықтар 180 орынға есептелген Airbus A320 ұшағымен ұшатын болады. 
29 наурыз 2019 ж. 810 0