Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ақтау – Ыстанбұл бағытындағы әуе рейстері қайта іске қосылады

Ақтау – Ыстанбұл бағытындағы әуе рейстері қайта іске қосылады

FlyArystan Ақтау – Ыстанбұл бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін қайта іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы рейс Ақтаудан 22 қазанда орындалады. Ал 27 қазаннан бастап рейстер тұрақты түрде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері қатынайды.

Сейсенбі күндері Ақтаудан 08:40-та ұшып, Ыстанбұлға 10:35-те қонады. Кері рейс 11:40-та ұшып, Ақтауға 17:05-те жетеді.

Ал сенбі күндері Ақтаудан 08:35-те ұшып, Ыстанбұлға 10:30-да қонады. Кері рейс 11:15-те ұшып, Ақтауға 16:40-та жетеді.

Айта кетейік, шілде айында Алматыдан Измирге жаңа әуе рейсі ашылатыны туралы хабарланды.

Сурет: ашық дереккөз



31 тамыз 2026 ж. 419 0