Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстаннан Дубайға билеттер арзандап, ұшақ саны артады - министрлік

Қазақстаннан Дубайға билеттер арзандап, ұшақ саны артады - министрлік

Жаңажылдық мереке және оқушылардың қысқы каникулы кезінде Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ұшақтар саны артып, сәйкесінше билеттер құны арзандамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті БАӘ-нің авиация билігімен бірлесіп, мереке күндері және каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын арттыру шешімін қабылдады», - делінген министрлік мәліметінде.

Атап айтқанда, 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін «Fly Dubai» әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

«Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды», - дейді ведомстводан.
28 желтоқсан 2022 ж. 126 0