Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр - Президент

Елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр - Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында елімізде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазір бүкіл елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, 2025-2026 жылдардың өзінде Қашаған кенішінде газ өңдеу зауытын, сонымен бірге, «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры мен «Бейнеу–Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісін іске қосу жоспарланған.

Үкімет Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасын салады. Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртылатын болады.«Кендірлі» демалыс аймағында су тұщытатын зауыт жұмыс істей бастайды. Кәсіпорын Жаңаөзен қаласы тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етеді.Қарағандыда және Екібастұзда болат қорытатын зауыттар, Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш өндіретін химия кешені пайдалануға беріледі», деді Президент.

Сондай-ақ, Президент жол саласындағы жаңалықтармен де бөлісті.

«Алматы қаласында және Қостанай облысында автокөлік зауыттары ашылады. «Достық-Мойынты» темір жол учаскесінің және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады. «Қызылжар – Мойынты» бағытында жаңа жоба басталады.

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауындағы контейнер хабы салынып бітеді. «Қорғас – Шығыс қақпа» ЕЭА аумағында халықаралық әуежай жұмыс істей бастайды. Зайсан, Катонқарағай мен Кендірлі демалыс аймақтарында да әуежай ашылады.

Каспий теңізінің ұлтанымен талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады, бұл қадам Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз жасауға мүмкіндік береді. Еліміздің автокөлік жолдары желісін дамыту жұмысының мән-маңызы өте зор», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Фото: Ақорда
14 наурыз 2025 ж. 47 0