+11-ден +27 градусқа дейін: Қазақстанда 11 қазан күні ауа райы қандай болады?
“Қазгидромет” 11 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Кей өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Елдің солтүстігінде жел күшейеді. Ал оңтүстікте күндіз ауа температурасы +27 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қалалардағы ауа райы
Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Түнде ауа температурасы +0…+2 градус, күндіз +13…+15 градус.
Фото: mos.ru











