Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда
Сырдария ауданы бойынша жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз көшеде және ойын-сауық орындарында жүруінің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.Кент және ауылдық округтерде құрылған жұмысшы топ құрамында аудан әкімдігі мен полиция бөлімі бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Профилактикалық жұмыстар барысында жастар көп шоғырланатын орындар, орталық және шеткі көшелер қамтылды.
Айта кету керек, мұндай рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Барша ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырамыз.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










