Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Халыққа құқықтық көмек көрсетудегі ынтымақтастық

Халыққа құқықтық көмек көрсетудегі ынтымақтастық

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында халыққа құқықтық қызмет көрсету мәселелері бойынша жиын болды. Жиында аудан әкімдігі мен Қызылорда облыстық адвокаттар алқасы арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаев, төраға орынбасары Шадия­р Наркешбаев, Төралқа мүшелері Бижан Иманғалиев пен Хасенхан Үсеинов, құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, медиаторлар және сала мамандары қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға көрсетілетін құқықтық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Қол қойылған меморандум аясында тараптар аудан тұрғындарына құқықтық кеңес беру және көмек көрсету бағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейтуді көздейді. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, туындаған мәселелерді жедел шешуге және тұрғындардың құқықтық мәселелер бойынша қажетті мамандарға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы күні тұрғындар үшін құқықтық көмек аса маңызды. Көп ретте халық заң аясында біліксіздік танытатыны рас. Сондықтан адвокат қызметіне жүгінеді.

Бүгінде ауданда 2 адвокат кәсіби қызмет атқарып, тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуде. Сонымен қатар ауданда Билер кеңесі мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар дауларды сотқа жеткізбей, өзара келісім арқылы шешу және қоғамдық келісімді нығайту бағытында жұмыстар жүргізуде.

Осы күні қол қойылған меморандум – халыққа құқықтық қызмет көрсетуді жетілдіруге, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға және қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Айту керек, енді аудан тұрғындары кент мәдениет үйінен арнайы ашылған Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының кабинетіне келіп, құқықтық көмек алуға мүмкіндігі болады.

«Тт» ақпарат

01 қыркүйек 2026 ж. 60 0