Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Іргелі ауылды электрмен жабдықтау жалғасуда

Іргелі ауылды электрмен жабдықтау жалғасуда

Ауданда бірнеше елді мекен электрмен жабдықтаудың жаңа кезеңіне көшті. Қайта жаңғырған электр желілері тұрғындардың сапалы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды жоба. Биылғы жылы аудан орталығына іргелес жатқан Сәкен Сейфуллин ауылының электр желісі толығымен ауыстырылады. Бұл ретте жұмысы қарқын алған жобаның барысын аудан әкімі Берік Сәрменбаев арнайы барып көріп, танысты.

Электр желісін қайта жабдықтау жұмысы ауылдағы инфрақұрылымды заман талабына сай қалыптастырудың маңызды тетігі саналады. Сондықтан аудан басшысы жауапты мердігерге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, атқарылып жатқан жұмыстың сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Орнатылатын әрбір бағана, трансформатор, электр желісінің сапалы орнатылуы жобаның маңызды бөлігі.

– Тұрғындар өтінішіне сәйкес елді мекенді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Монтаждау жұмыстары бекітілген жобаға сәйкес сапалы жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталуы қажет. Әрбір жұмыс кезеңі тұрақты бақылауда болуы тиіс, – деді аудан әкімі.

Электрмен жабдықтау жобасының жалпы құны – 617,9 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС жүргізуде. Құрылыс алаңында 4 техника және 9 жұмысшы жұмылдырылған.

«Тт» ақпарат
01 қыркүйек 2026 ж. 58 0