Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Электр желісі толықтай жаңаруда

Электр желісі толықтай жаңаруда

Ауданға қарасты әр елді мекеннің дамуы мен өркендеуі артып келеді. Бірнеше ауыл «көгілдір отынмен» толықтай қамтылса, ал кейбірінде табиғи газ кіргізу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар біршама ауылда электрмен жабдықтау жобасы жүзеге асуда. Соның бірі Қалжан ахун ауылының электр желісі жаңарып, бағаналар түгелімен ауыс­ты. Бұл – келеңсіз жағдай мен апатты оқиғалардың алдын алуының кепілі.

«Көгілдір отынмен» алғашқы ауылдың бірі болып қамтылған елді мекен – Қалжан ахун. Сондай-ақ бірнеше көше асфальтталып, жаяу жүргіншілер жолы салынған. 2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдың электр желісін қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Бұл туралы ауыл әкімі Мақсұт Қаратаев айтып өтті.

– Ауыл көркінің гүлденіп, дамуы біз үшін – жетістік. Жалпы электр желісін толықтай жаңарту былтыр бас­тау алған болатын. Жоба құны 490,5 млн теңгені құрады. «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қалжан ахун елді мекенін электр желісімен жабдықтау» жобасы аясында 2024 жылы республикалық бюджеттен 57,3 млн қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алудың хаттамалық қорытындысы бойынша «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ жеңіп, біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, 2024 жылы бөлінген қаржы бойынша 119 дана бір бағаналы электр бағаналары және бір тірегі бар бір бағаналы 26 дана, екі тірегі бар бір бағаналы 4 дана бағана және 2,3 шақырым электр желісі орнатылды. Ал биылғы жыл есебінен республикалық бюджеттен 280 млн теңге қаражат бөлініп, жұмыс жалғасын табуда. Яғни, қаржы шеңберінде 142 дана электр бағансы мен бір тірегі бар бір бағаналы 32 дана және екі тіректі бағана да орнатылған, – деді ауыл әкімі.

Елді мекеннің электр желісін жаңарту – ауылдың күрт бұзылған ауа райынан туындаған өрт немесе келеңсіз оқиғаға байланысты оқыс жағдайдың алдын алуы болып табылады. Бұл ең алдымен – тұрғындардың қауіпсіздігі мен әрдайым жарық мекенде өмір сүруінің кепілі.

Бас көшенің бойы толықтай жарық шаммен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жолы сабаққа асығатын оқушылар үшін таптырмайтын қауіпсіз жол. Мыңнан аса халқы бар Қалжан ахун ауылы – «көгілдір отын» мен жаңартылған электр желісінің игілігін көруде. Жыл сайын атқарылған жұмыстар қатары артуда. Бұл – ауылдың жаңа бейнесі қалыптасып, дамуы күн сайын артып келе жатқанының көрінісі.

Г.ТАБЫНБАЙ

16 желтоқсан 2025 ж. 251 0