Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәкен сейфуллин елді мекенін электрмен қайта жабдықтау жұмыстарымен танысты

Сәкен сейфуллин елді мекенін электрмен қайта жабдықтау жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Сәкен Сейфуллин елді мекеніндегі электрмен қайта жабдықтау жобасының іске асырылу барысымен танысты.

Аудан басшысы жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше мән беруді тапсырды.

– Тұрғындар өтінішіне сәйкес елді мекенді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Монтаждау жұмыстары бекітілген жобаға сәйкес сапалы жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталуы қажет. Әрбір жұмыс кезеңі тұрақты бақылауда болуы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Электрмен жабдықтау жобасының жалпы құны – 617,9 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС жүргізуде. Құрылыс алаңында 4 техника және 9 жұмысшы жұмылдырылған.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 тамыз 2026 ж. 54 0