Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қуатты инфрақұрылым – тұрақты даму: электр желілері қайта жаңғыртылуда

Қуатты инфрақұрылым – тұрақты даму: электр желілері қайта жаңғыртылуда

Электр энергиясы – қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін ең маңызды ресурсының бірі. Бүгінде өндіріс орны, білім беру және денсаулық сақтау мекемесі, мемлекеттік ұйымдар, кәсіпкерлік нысаны мен тұрғын үйдің барлығы электр қуатының тұрақты жұмысына тәуелді. Технология қарыштап дамыған заманда электр энергиясы тек тұрмыстық қажеттілік қана емес, экономиканың өсімі мен халықтың әл-ауқатын арттырудың басты тетігінің біріне айналды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміз­де инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Соның ішінде, электр желісін жаңарту, олардың тозуын азайту және тұтынушыларды сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағытының бірі. Осыған байланысты электр жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмысы жүргізіліп келеді. Электр жарығы – күн­делікті өмірдің ажырамас бір бөлшегі. Тіпті, техника мен цифрлық технологиялар қарқынды дамыған қазіргі кезеңде электр энергиясынсыз бір сәтті елестету қиын.


Ауданда электр желілерінің тозуын азайту және тұрғындарды сапалы әрі тұрақты электр қуатымен қамта­масыз ету мақсатында жүйелі жұмыс жасалуда. Соңғы жылдары Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шаған және Қалжан ахун ауылдық елді мекендерінің электр желісі толықтай қайта жаң­ғыртылып, пайдалануға берілді. Жаңартылған желілер апаттық жағдайлардың алдын алуға және тұрғын­дарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Осы бағытта аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда энергетикалық және ком­­муналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасының аудан көлемінде жүзеге асырылу барысы қаралып, электр желілерін жаңғырту бағытында атқарылып жат­қан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жоба­лардың орындалу деңгейі сараланды.

Айта кетейік, биыл республикалық бюджет есебінен Асқар Тоқмағанбетов және Сәкен Сейфуллин ауыл­дарының электр желілерін қайта жаңғыртуға 1 миллиард теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта жобаларды іске асыруға қажетті дайындық жұмыстары толық аяқталып, құрылыс-монтаж жұмыстары жуық арада басталмақ. Жоба аясында ескірген электр бағаналары мен желілері жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтар орнатылады. Соның нәтижесінде, аудан бойынша электр желілерінің тозу деңгейі шамамен 50 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде. Бұл өз кезегінде электр энергиясының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Тереңөзек кенті мен Нағи Ілиясов ауылының электр желілерін қайта жаңғыртуға жалпы құны 4,3 миллиард теңгені құрайтын бюджеттік өтінім тиісті мемлекеттік орган­дарға ұсынылып, қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі қаралуда. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда ауданның электрмен жабдықтау жүйесі жаңа деңгейге көтеріліп, тұрғындардың қауіпсіз әрі сапалы электр энергиясына қолжетімділігі едәуір артады.

Мәжіліс қорытындысында аудан басшысы қолайсыз ауа райы кезінде электр тарату желілерінде орын алатын апаттық жағдайдың алдын алу, тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
01 тамыз 2026 ж. 104 0