Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі «Жарбол» шаруа қожалығының егістік алқабына барды

Аудан әкімі «Жарбол» шаруа қожалығының егістік алқабына барды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев егін жинау науқаны алдында «Жарбол» шаруа қожалығының егістік алқабына барып, егіннің жай-күйін көрді.

– Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына көрсетіліп отырған қолдауды тиімді пайдалану, жер ресурстарын ұтымды игеру және шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін арттыру – аудан экономикасын нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Осы ретте аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, егістік алқаптарының өнімділігін арттыруға және шаруалардың еңбегін қолдауға басымдық берілуде. Мемлекет басшысының қолдауымен шаруалар су тапшылығын көрген жоқ. Ендігі жерде егін жинау науқанында егінді төкпей-шашпай жинап алу керек, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

«Жарбол» шаруа қожалығында атқарылып жатқан жұмыстарды шаруашылық төрағасы Жарбол Ешмаханов атап көрсетті. Бүгінде шаруашылықта 240 гектар жерге күріш, 50 гектарға бидай егіліп, күтіп-баптаған. Сонымен қатар 90 гектар бұрынғы жоңышқалық алқапқа тиісті күтім жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 50 гектар бидай алқабынан жақсы өнім жинаған.

Аудан басшысы егістік алқабындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысып, диқандардың еңбегіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды тиімді пайдалану және жердің құнарлылығын сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 тамыз 2026 ж. 44 0