Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ару ана» әжелер ансамблі өз таңдауын жасады

«Ару ана» әжелер ансамблі өз таңдауын жасады

Тереңөзек кентіндегі №158 сайлау учаскесінде ел өміріндегі маңызды саяси науқанға тұрғындар белсенді қатысуда.

Сайлау учаскесіне келген «Ару ана» әжелер ансамблінің мүшелері де Құрылтай сайлауында дауыс беріп, өз азаматтық таңдауларын жасады. Ақ жаулықты әжелер ел болашағына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысудың үлгісін көрсетті.

«Ару ана» ансамблі мүшелерінің айтуынша, әр азаматтың дауысы – елдің ертеңіне деген жауапкершіліктің белгісі. Олар сайлау учаскесіндегі өз таңдауын жасап, қоғамдық маңызды шараға үлес қосты.

Құрылтай сайлауы – халықтың өз өкілдерін таңдап, ел болашағына қатысты шешімдерге атсалысуына мүмкіндік беретін маңызды науқан. Тереңөзек кентіндегі №158 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі белгіленген талаптарға сай жалғасуда.
23 тамыз 2026 ж. 52 0