Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Іңкәр» аналар ансамблі өз таңдауын жасады

«Іңкәр» аналар ансамблі өз таңдауын жасады

Сырдария ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде «Іңкәр» әжелер ансамблінің мүшелері дауыс беріп, өз азаматтық таңдауларын жасады.

Ұлттық өнерді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп жүрген ақ жаулықты аналар ел өміріндегі маңызды қоғамдық шараға белсенді қатысты.

Ансамбль мүшелері әр азаматтың өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындауы маңызды екенін атап өтті. Дауыс беруден кейін ақ жаулықты әжелер елдің амандығы мен халықтың бірлігіне тілектестіктерін білдірді.
23 тамыз 2026 ж. 53 0