Ардагердің азаматтық таңдауы
Қызылорда қаласындағы №206 сайлау учаскесінде Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Ө. Шаменов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді.Өмір жолы өнегеге толы ардагер елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.
– Ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге әр азаматтың жауапкершілікпен қарауы қажет. Өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді Ө. Шаменов.











