Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданында көрме өтті

Сырдария ауданында көрме өтті

Сырдария ауданында сайлау күніне орай ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және шығармашылық жетістіктері таныстырылған көрме ұйымдастырылды.

Көрме барысында аудан тұрғындарының қолөнер бұйымдары, ұлттық өнер туындылары, ауыл шаруашылығы өнімдері және түрлі шығармашылық жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шараға сайлау учаскелеріне келген тұрғындар қатысып, ауданның жетістіктерімен танысты. Көрме қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтар мен жергілікті өнерді насихаттауға мүмкіндік берді.
23 тамыз 2026 ж. 38 0