Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Естелік сыйлықтар табысталды

Естелік сыйлықтар табысталды

Сырдария ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген азаматтарға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

Атап айтқанда, сайлауда алғаш рет дауыс берген жастарға, туған күн иелеріне, ең жасы үлкен сайлаушыға, сондай-ақ балаларымен бірге келген азаматтарға сыйлықтар ұсынылды.

Мұндай игі бастама сайлаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, маңызды қоғамдық шараға белсенді қатысқан азаматтарға деген құрметті білдіреді. Әрбір сайлаушының таңдауы маңызды екенін атап өткен ұйымдастырушылар тұрғындарға белсенділік танытқаны үшін алғыстарын білдірді.
23 тамыз 2026 ж. 39 0