«Сыр сандуғаштарының» кезекті концерті өтті
Қалалық мәдени-демалыс саябағында қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғалары – композиторлар Кеңес Дүйсекеев пен Сейдолла Байтерековтың, ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған «Ән мұрасы – сөз бен саз» атты мерекелік концерт өтті.Концертте «Сыр сандуғаштары» вокалды тобының жас өнерпаздары аталған авторлардың таңдаулы туындыларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ұлттық өнерді дәріптеген әндер мен сахналық қойылымдар көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады.
Сондай-ақ, шара барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңызы түсіндіріліп, қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізілді.









