Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Астана күніне арналған құттықтауы
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 6 шілде – Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау айтулы мереке – елдігіміздің еңсесін көтерген, Тәуелсіз Қазақстанның тарихи жетістіктерін айшықтайтын, халқымыздың бірлігі мен жасампаз рухын дәріптейтін айтулы мереке. Кеше ғана өз күшіне енген, еліміздің жаңа даму кезеңіне жол ашқан тарихи шешім – Жаңа Конституцияның жалпыхалықтық референдум арқылы қабылдануын ерекше құрметпен атап өтудеміз.
Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам. Ата Заңымыз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейте отырып, заң үстемдігін нығайтуға және еліміздің орнықты дамуына негіз болары сөзсіз.
Жаңа Конституцияда Астананың мәртебесі айқындалып, оның мемлекетіміздің басты қаласы ретіндегі орны одан әрі нығая түсті. Себебі Елордамыз – тәуелсіз еліміздің саяси және әкімшілік орталығы, ел дамуының негізгі бағыттары
Ардақты ағайын!
Еуразия кіндігінде орналасқан, алты Алаштың бас қосқан қасиетті мекені, кемел келешегі бар жаңа Астана бүгінде Қазақстан жайында түсінік қалыптастыратын, қазіргі заманның ең ірі геосаяси жобасының бірі.
Астана – жай ғана елорда емес. Ол – халқымыздың азаттыққа деген асқақ арманының, мемлекетіміздің қуаты мен өркендеуінің, баянды болашаққа деген сенімінің жарқын көрінісі.
Астана – бұл ұлы даламыздың мерейі мен мәртебесі. Еңселі елордамыз ажарына ажар қосып, әлемдік аренада беделі асқақтай берсін. Қазақстанымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, молшылық, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Астана күні құтты болсын!
Құрметпен Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі










