Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бөлім қызметкерлері аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Е. Мырхиев және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкері Д.Оспановпен бірлесіп, аудан аумағында орналасқан жанар ағар май құю бекеттеріне газ баллондарды сақтау және қолдану ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында газ баллондарға газ құю барысында көлік қозғалтқышы өшіріліп, темекі шегуге және ашық от пайдалануға қатаң тыйым салынады. Баллонды шамадан тыс толтыруға болмайды, себебі бұл газдың кеңеюінен қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. Құю аяқталғаннан кейін вентильдердің герметикалығы тексеріліп, газдың шығуы анықталған жағдайда баллон пайдалануға жіберілмеуі тиіс екені түсіндірілді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының назарына: газ баллондарын тек арнайы рұқсаты бар бекеттерде толтыру қажеттігі және техникалық ақауы бар баллондарды пайдалануға болмайтынын ескертеміз.

Бөлім қызметкерлері азаматтарға газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығы түсіндіріп, жадынамалар таратты. Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және газды пайдалану кезінде орын алуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу.

Сырдария ауданы ТЖБ

21 маусым 2026 ж. 46 0