Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады

Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады

Ел тұрғындарының орташа жасы 76 жасқа жақындады. Мамандардың айтуынша, бұл денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың нәтижесі, деп хабарлайды Egemen.kz.

24.kz-тің мәліметінше, бүгінде отандастарымыз мемлекет есебінен профилактикалық тексерулерден бастап, құны ондаған миллион теңгеге жететін жоғары технологиялы операцияларға дейінгі медициналық көмекті тегін алып отыр.


Тағы бір айта кететін жайт, кардиохирургия, нейрохирургия, ағза трансплантациясы және онкологиялық ауруларды емдеу бағыттары қаржыландырылады.

Бұдан бөлек, онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Нәтижесінде 300 мыңға жуық адам қосымша диагностикадан өтіп отыр.

Бұған дейін елімізде медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары бекітілгенін хабарлағанбыз.

Фото: Ашық дереккөз
04 маусым 2026 ж. 32 0