Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Әскери қызметке шақыру науқаны басталды

Әскери қызметке шақыру науқаны басталды

Әскери қызмет – ер баланың есейіп, темірдей тәртіпке төзімді болып, еліне деген патриоттық сезімін арттыратын, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін орта. Әскери борышын өтеу ер азаматтың алдындағы мәртебелі міндет десек болады. Kyzyzlorda-news.kz

Ал облыста әскери қызметке шақыру бірінші наурыз күні басталған болатын. Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жөнінде Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жасұлан Шаңқұлов ақпарат алаңында баяндап берді.

-Осы жылдың 1 наурызынан бастап әскери қызметке шақыру жұмыстары басталды. Облыста 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар еліміздің Қарулы күштерінде және басқа да әскери құралымдарда отан алдындағы борыштарын өтейді. Көктемгі мерзімді әскерге Қызылорда облысынан 850-ге жуық ер-азамат барады. Оның ішінде Шекара қызметіне 160-қа жуық, Қарулы күштер қатарына 410-ға жуық, Ұлттық Ұлан қызметіне 260-қа жуық, Мемлекетттік күзет қызметіне 15-ке жуық азамат әскери борышын өтейді. Қазірдің өзінде шекара қызметіне аттандыру жұмыстары бойынша 80-ге жуық азамат әскери борышын өтеуге жіберілді, - деді Жасұлан Бөгенбайұлы.

Әскери қызметке шақыру жұмыстары маусым айына дейін жалғасады деп күтілуде.

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
13 наурыз 2024 ж. 402 0