Аудан әкімі республикалық референдумда дауыс берді
Бүгін Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты республикалық референдумда дауыс берді.– Бүгін еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сырдариялықтар ел ертеңі үшін бірлігін көрсетіп, референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін, – деді Берік Әбдғаппарұлы.
Айта кетейік, ауданда 18 сайлау учаскесі және 21 967 сайлаушы бар. Сырдариялықтар референдумға белсенді қатысуда.











