Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Референдум: Қызылорда облысының 380 учаскесінде дауыс беру басталды

Референдум: Қызылорда облысының 380 учаскесінде дауыс беру басталды

Бүгін – республикалық референдум! Таңғы сағат 7.00-де Қызылорда өңіріндегі барлық референдум учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады.

Аймақта 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.

Учаскелердің 27-і азаматтардың уақытша болу орындары яғни жабық учаскелер қатарында. Бұл учаскелерде тізімге енген азаматтар толық дауыс беріп болса, дауыс беру уақыты ерте аяқталуы мүмкін. Олар әскери бөлімдер, емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары және тағы да басқа орындар. Сондай-ақ, вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6.00-де басталды.

Айта кетейік, өңірде 492 380 азамат дауыс беруге құқылы. Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.
06 қазан 2024 ж. 264 0