Қазақстанда 8 наурызда ауа райы қандай болады – Синопниктер болжамы
Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz. ақпарат агенттігі хабарлайды.Болжамға сәйкес, мерекелік демалыс күндерінің қарсаңында Қазақстанда ауа райы құбылмалы ауа райы сақталады. Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Солтүстік пен солтүстік-батыста кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал елдің оңтүстігінде нөсер жауады.
Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман болжанады. Солтүстік өңірлерде боран соқса, оңтүстікте найзағай болуы мүмкін.
Кейінгі күндері ауа температурасы айтарлықтай жоғарылағаннан кейін, болжамды кезеңнің аяғына қарай елдің батысы мен солтүстік-батысына қайтадан арктикалық суық ауа таралады.
Фото: depositphotos.com








