Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тоқаев Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль тарабының сұрауы бойынша Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы көпжылдық және сан қырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін растады.
Бұдан бөлек Биньямин Нетаньяху Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы туралы шешімі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа айрықша ризашылығын білдірді.

Израиль премьер-министрі бұл қадамды бейбітшілік, тұрақтылық пен халықаралық диалогты нығайту ісіндегі батыл әрі көреген шешім ретінде бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Биньямин Нетаньяху байланыстарды жандандыруға, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.
11 қаңтар 2026 ж. 596 0