Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, дауыс беру нәтижесі ол ұсынған Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету және мемлекеттілігін одан әрі нығайту бағдарламасы бүкілхалықтық қолдауға ие болғанының куәсі екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті бауырлас Қырғызстанмен арадағы ынтымақтастықты екі ел халқының мүддесіне сәйкес достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында одан әрі дамыта беруге бейілді екенін нақтылады.

Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының тұрақты әрі байыпты дамуға бағытталған ұмтылысын үнемі қолдап келе жатқан Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына алғыс айтты.
Президенттер екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылдарды арттыруға ниеттілігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қырғыз басшысы шақыруды қабыл алып, Президент ретіндегі алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайтынын айтты. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысын Парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа бауырлас Қырғызстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.

Фото: АқОрда
11 қаңтар 2021 ж. 615 1

Sterling от 9 маусым 2025 00:41
Thanks. Helpful information! casino en ligne France Very well expressed of course! ! casino en ligne fiable Valuable knowledge Appreciate it! casino en ligne francais Incredible all kinds of helpful advice! casino en ligne You actually explained this perfectly! casino en ligne France Wow tons of excellent information. casino en ligne You mentioned it terrifically. casino en ligne Seriously lots of valuable tips. casino en ligne This is nicely put. . casino en ligne France Great posts. Thanks a lot. casino en ligne fiable