Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Биыл облысты газдандыру деңгейі 83пайызға жетті

Биыл облысты газдандыру деңгейі 83пайызға жетті

Облыс аумағында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері өңірде 8 елді мекен көгілдір отынға қосылып, 16 мыңнан аса тұрғын табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болды. Солайша, облысты газдандыру деңгейі 83 пайызға жетті. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин салада атқарылған жұмыстарды баяндады.

- Биыл облыста 280 шақырым электр желісі, 87 дана қосалқы станция мен 40,2 шақырым әуе желісі қайта жаңғыртудан өтті. 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 139,3 мың тоннаны құраса, қазіргі таңда 98,7 мың тонна көмір жеткізілді. Одан бөлек, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 98,6 пайызды құраған еді. Қалған елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мақсатында тиісті аржы бөлініп, нәтижесінде, Арал ауданы Ақбасты, Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу және Қазалы ауданы Шәкен, Шитүбек, Сарбұлақ, Шиліелді мекендерінде ішкі су жүйелерін салу жобалары аяқталып, сапалы ауыз су берілді. Қазіргі таңда Арал ауданы Тоқабай және Абай елді мекендерін ауыз сумен қамту жобасы аяқталу үстінде. Жыл соңына дейін облыс халқын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызды құрайды деп күтілуде,- деді Медет Усаин.

Биыл облыста 7,9 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендеген.

- Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында қуатылығы 240 мегаватт электрэнергиясы мен 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны - 215 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда қуатылығы 176 мегаваттық 2 дана газ турбиналық қондырғысы, 95 мегаваттық бу турбинасы, сағатына қуаттылығы 120 тоннаны құрайтын 2 дана бу қазандығы мен 150 гигакалория құрайтын 4 дана жылу қазандығы орнатылды. Бүгіндеинвестор «Акса Энерджи» компаниясы тарапынан жылу орталығы тесттік режимде іске қосылып, 88 мегаватт электр энергиясын өндіру қуатын пайдалануға берді. Жыл соңына дейін қосымша 88 мегаватт қосылып, жалпы қуат 176 мегаваттқа жетеді деп күтілуде.

Келесі жылы бу турбинасы іске қосылып, қосымша 95 мегаватт электр энергиясын шығаратын болады,- деді Медет Усаин.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

14 желтоқсан 2025 ж. 271 0