Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Апостиль дегеніміз не?

Апостиль дегеніміз не?

«Апостиль» мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде – «апостиль» мөртабанын қою қолданылады.

Апостиль қойылатын құжаттар:
• туу, неке туралы куәлік
• диплом, аттестат
• сот шешімдері
• анықтамалар

Апостиль қоюды кім жүзеге асырады?

2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №545 қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар белгіленді:
ҚР Әділет министрлігі;
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі;
ҚР Оқу-ағарту министрлігі;
ҚР Ішкі істер министрлігі;
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң;
ҚР Сот әкімшілігі;
ҚР Қаржы министрлiгі;
ҚР Бас прокуратурасы;
ҚР Қорғаныс министрлігі.

Қай орган апостиль қоятыны құжаттың түріне байланысты анықталады.

Апостиль қою тәртібі

1. Құжаттарды дайындау:
• түпнұсқа немесе нотариалды көшірме
• жеке куәлік
• мемлекеттік баж түбіртегі

2. Мемлекеттік баж:
• шамамен 0,5 АЕК

3. Өтініш беру:
• қағаз жүзінде немесе eGov.kz арқылы онлайн

4. Құжатты тексеру:
• орган түпнұсқалығын растайды

5. Апостиль қою:
• құжаттың бос бетіне немесе қосымша параққа
• үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын)

6. Құжатты алу:
• мерзімі 2–5 жұмыс күні
Апостиль қойылмайтын құжаттар

Апостиль мына құжаттарға қойылмайды:
• коммерциялық құжаттар
• жеке хаттар

Олар үшін консулдық легализация қажет.
Апостильдің жарамдылығы
• Апостиль тек Гаага Конвенциясына мүше елдерде жарамды.
• Басқа елдерге легализация қажет.
Мысалы:

Азамат шетелде оқу үшін дипломын апарса:
• нотариалды көшірме жасайды
• апостиль қойдырады
• шетелдік ұйымға тапсырады

Қорытынды
Апостиль – құжаттың халықаралық заңды күшін дәлелдейтін маңызды рәсім. Дұрыс рәсімделген құжат шетелде көптеген мәселені жеңілдетеді.

Дархан Арыстанбекович,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
жетекші маманы
Фото: Ашық дереккөзден
09 желтоқсан 2025 ж. 204 0