Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды. 

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербор қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Масуд Пезешкиан 10-11 желтоқсан күндері Астанаға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік. 

Фото: АқОрда

08 желтоқсан 2025 ж. 56 0