Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сырдарияда жаңа зауыт салынады

Сырдарияда жаңа зауыт салынады

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында су тапшылығы жағдайында алдағы егін егу маусымына дайындық барысына арналған арнайы мәжіліс өтті. Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен өткен жиында егін шаруашылығына байланысты бірқатар мәселе қаралды. Мәжіліске «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС директоры Шухрат Құрбанов, сондай-ақ шаруа қожалығының жетекшілері қатысты.

Аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы суар­малы сумен қамтамасыз ету мәсе­лелеріне тоқталып, алдағы маусымда су тапшылығының болуы ықтимал екенін ес­кертті. Осыған байланысты егіс құрылымын қайта қарап, күріш алқап­тарын қысқартып, орнына суды аз қажет ететін жүгері, мақсары және өзге де балама дақылдарға кезең-кезеңімен көшу қажеттігін атап өтті. Мұндай шаралар аграрлық саланың тұрақтылығын сақтауға және су ресурстарын тиімді пай­далануға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен бірге, ауданда жүгері дақылын терең өңдейтін жаңа зауыт құрылысы басталғанын хабарлады.

Осы орайда «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС директоры Ш.Құрбанов «Жүгері дақылын терең өңдеу зауытын салу» жобасының мән-жайымен бөлісті. Жоба­­ның жалпы құны – 40 миллиард теңге. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде 500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Зауыт жергілікті шаруашылықтар өсірген жүгеріні толық қабылдап, өңдеу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің терең өңделу деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бұл отандық өнім көлемінің ұлғаюына және экспорттық әлеуеттің артуына мүмкіндік береді.

Жиын барысында бірқатар шаруа­шы­лық өкілдері өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Расында, жыл сайын диқан қауымы су тап­шылығына тап болып, жаз мезгілінде егін егу қиындықтарын бастан кешіреді. Сондықтан аяқ­суды тиімді пайдалану мәселесін бірге шешу маңызды. Аудан бойынша жоспарға сәйкес биылғы егін егу науқаны сәтті аяқ­талды. Ал алдағы жылы шаруаларды қыруар жұмыс күтіп тұр.

Аудан әкімі жиынды қорытындылай келе, алдағы егін маусымына дайындықты сапалы жүргізіп, бірлесе жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

Б.ОРДАБЕКОВ

06 желтоқсан 2025 ж. 21 0