Сандар әлемінің шеберлері құрметтелді
Білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып білім саласының есепшілерін кәсіби мерекелерімен салтанатты түрде құттықтады.Есепшілердің еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, олардың адал жұмысының барлық білім мекемелері үшін негізгі тірек екенін атап көрсетті.
Қаржылық есептемелердің күрделі әлемінде ерекше шеберлік танытып, бюджет қаражатын тиімді, әрі заңды пайдаланудың үлгісін көрсетіп, білім саласына бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалаудағы есепшілердің адалдығы мен жауапкершілігіне терең алғысын білдірді.
Басшы өз сөзінде есепшілердің жұмысына жоғары баға беріп, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық және кәсіби жетістіктер тіледі.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Есназар өз кезегінде есепшілердің жұмысының маңыздылығын ерекше атап көрсетіп, адалдықтың, дәлдіктің және төзімділіктің үлгісі есепшілер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды ыстық ықыласын білдірді.










