Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Келешек мектебі» заманауи талаптарға сай

«Келешек мектебі» заманауи талаптарға сай

Бүгін Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов СПМК-70 мөлтек ауданындағы 1500 орындық «Келешек мектебіне» барды.

Мектеп құрылысы толық аяқталған, жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай. Мұндағы оқу кабинеттері соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған, арнайы STEM-зертхана, кітапхана, спорт және акт залы, асхана бар. Бас мердігер Integra Construction KZ, жобалаушы ұйым Project Construction KZ, техникалық қадағалаушы «Самұрық Қазына Девелопмент» серіктестіктері нысанды жақын күндері пайдалануға беруге дайын.

Аймақта «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 900 орынға арналған 10 мектеп салынды. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілсе, алтауының құжаттары әзірленіп, облыстық білім басқармасының теңгеріміне қабылданды. Биылғы оқу жылында іске қосылған 3 мектепте оқу процесі жүргізілуде.

Жергілікті бюджеттен жоба-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 118,4 млн теңге бөлініп, 1 млрд 700 млн теңгеге 10 мектептің инфрақұрылымы тартылды. Тағы 2 млрд 80 млн теңгеге білім ошақтарының іргелес аумақтары абаттандырылып, жол салынды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 қараша 2025 ж. 83 0