Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы алдағы міндеттерді нақтылады

Аймақ басшысы алдағы міндеттерді нақтылады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен бюджет қаржысын игеру, құрылыс жұмыстары, жылу маусымының барысы талқыланған жиын өтті. Басқосуға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, қала, аудан әкімдері, жауапты сала басшылары қатысты.

Облыс әкімі белгіленген тапсырмалардың орындалуына тоқталып, межелі көрсеткішке қол жетпеген жағдайда жауапкершілік бірінші басшылардан сұралатынын ескертті.

«Жыл соңына дейін бюджет қаражатын тиімді игеріп, нақты бағыттарға жұмсау қажет.

Биыл аяқталатын құрылыс нысандарындағы жұмысты бақылауға алыңыздар. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріп тұрыңыздар. Бірінші әрі басты талап - сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау керек.

Жылумен жабдықтауда еш кедергі туындамауы тиіс. Бұған дейін де үнемі айтып келемін, бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді үздіксіз жылумен қамтамасыз етіңіздер. Аудан, ауылдарда көмір тапшылығы болмасын», - деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар, жиында көгалдандыруға, абаттандыруға, тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуге қатысты тапсырмалар берілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
03 қараша 2024 ж. 89 0